Оқиға

Павлодарлық оқушы 8 айдан кейін Ресейден табылды

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Павлодарлық полицейлер 8 ай бойы іздеуде болған кәмелетке толмаған қызды тауып, үйіне қайтарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат www.polisia.kz ақпаратттық порталына сілтеме жасап.

 

2019 жылғы 7 мамырда Павлодар полициясына кәмелетке толмаған немересі Виалина Денисова (2003 жылы туған) 5 мамыр күні үйден шыққан күйі оралмағаны туралы әжесі хабарлаған.

Аталған факті бойынша қызметкерлер іздестіру ісін қозғап, 9-сынып оқушысын мемлекетаралық іздеуге жариялады.

 

Кейіннен, аталған қыз 1984 жылғы танысымен заңсыз түрде Ресеймен арадағы мемлекеттік шекараны жаяу кесіп өткендігі белгілі болды.

Сонымен қатар, олар Новосібір қаласының аумағында жасырынғаны анықталды.

 

2020 жылғы 1 ақпанда жедел іздестіру шаралары кезінде павлодардық тәртіп сақшылары РФ қылмыстық іздестіру қызметкерлерімен бірлесе Новосібірдегі жалдамалы пәтерден іздеудегі В.Денисованы тапты.

 

Қазіргі уақытта кәмелеттік жасқа толмаған оқушы Қазақстанға қайтарылып, әжесінің қарауына тапсырылды.

 




Көрілген: 274    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.02.2020, 20:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30