Оқиға

Петропавл тұрғыны алаяқтың шотына миллион теңге аударып берген

  • https://goforex.info/

    https://goforex.info/

Петропавл тұрғыны алаяқтарға миллион теңге аударып жіберген, &ndash деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Жыл басынан бері 16 қала тұрғыны интернеттегі алаяқтардың арбауына түсіп қалды.

 

Петропавлдықтардың арыздарынан бұрынғы алдау-арбау схемасын көруге болады.

 

Облыс орталығының тұрғынына, оның депозиттік шотын біреу бұзуға тырысқалы жатқанын, сондықтан қосымша шот ашып, соған ақша аудару қажет деп хабарланған. Сасқан әйел өзін банк қызметкерімін деп таныстырған қоңырау шалушыға оңай сеніп, ол көрсеткен барлық әрекеттерді жасаған.

 

&ldquoҚамқоршы&rdquo қызметкер өзі қосымша шот ашқанын, ақшаны сол шотқа аударуды сұраған. 250 мың теңгеге бөліп-бөліп аудару керектігінің өзінен де қала тұрғыны еш күдіктенбеген. Нәтижесінде алаяқтар миллион теңгені қолды қылған.

 

Бұл ең кең тараған алдау схемаларының бірі дейді жедел қызметкерлер.

 

Түсіндіру жұмыстарына қарамастан, қала тұрғындары арнайы терминдерді қолдана отыра, сенімді түрде сөйлеп, байланысқа шыққан алаяқтардың арбауларына түсіп қалады.

 

&ndash Өзіңді интернет-алаяқтардан қорғаудың ең сенімді тәсілі &ndash шоттар бойынша барлық ауыстыруларды тек банктерде жүргізген дұрыс. Алаяқтар көбіне өздерін қаржы мекемелерінің қауіпсіздік қызметі деп таныстырып, шотыңызды бұзбақ болып жатыр деп сенімді түрде айтады, &ndash дейді Петропавл қ. Полиция басқармасының бастығы Жандос Мұқатов.

 

Мұндай қоңыраулар кезінде әбіргерге салынбаған жөн. Арнайы байланыс телефондары арқылы банкке хабарласып, өз жинақтарыңыздың сақталуына көз жеткізген жеткілікті.

 

Алаяқтар сатушы немесе сатып алу ретінде өздерін таныстыра отырып, Интернетте хабарландыру арқылы өздерінің қылмыстық әрекеттерін жүргізетіндігін естеріңізге саламыз.

 

Жыл басынан Петропавл қ. ПБ &ldquoInstagram&rdquo әлеуметтік желісінде хабарландырулар бойынша тауар сатып алмақ болып алаяқтардың құрбанына айналған алты қала тұрғыны жүгінген.

 




Көрілген: 412    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.01.2021, 09:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31