Петропавлда 17 жастағы қыз он екінші қабаттан секіріп кетті

30 мамыр 2022, 18:22

17 жастағы Петропавлдық қыздың суицид фактісі бойынша полиция тергеуді бастады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

30 мамыр сағат таңғы 05:00 шамасында полицияға Петропавлда Жамбыл көшесі бойындағы үйдің 12-қабатынан қыздың құлағаны туралы хабарлама келіп түсті.

 

17 жастағы бойжеткен оқиға орнында қайтыс болған.

 

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

 

Сараптамалар тағайындалды, болған оқиғаның мән-жайы сотқа дейінгі тергеу шеңберінде анықталатын болады.