Оқиға

Петропавлда бірнеше апатқа себепші болған екі велосипедші жауапқа тартылды (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

 Петропавлда бірнеше апатқа себепші болған екі велосипедші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Петропавлда жол-көлік оқиғасына тап болған 39 жастағы велосипедші әкімшілік жазаға тартылды.

 

14 маусым күні “Айсберг” сауда үйінің маңынан өтіп бара жатып, жылдамдықпен ғимараттың артқы жағынан шыққан және Lada автокөлігіне соғылған.

Жол-көлік оқиғасына қатысушылардың бір-біріне қарсылықтары жоқ.

 

Велосипедшіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабы (Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша хаттама толтырылды. Баппен екі айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл көзделген.

 

Бұған ұқсас оқиға айдың басында видеоға түсіп қалып, Петропавлдың әлеуметтік желілерінде тараған еді. Бір супермаркеттің маңында түсірілген видеода 29 жастағы қала тұрғыны Lada-21901 автомобиліне жол бермей, көлікке соғылған және капоттан ұшып өткен.

 

Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылған, алайда, жігіт дәрігерлердің көмегіне жүгінбеген.

 

Полицейлер жол-көлік оқиғасына қатысушылардың бір-біріне ешқандай қарсылықтарының болмағанын тіркеп, велосипедшіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабы бойынша хаттама толтырды.

 

– Бұндай жағдайларда жарақат алу қаупі жоғары. Өкінішке орай, велосипедшілердің барлығы бірдей көлікке кенеттен тап болу қаупін түсіне бермейді. Бұл әсіресе жаяу жүргіншілер жолақтарында аса қауіпті. ҚР Жол жүрісі қозғалысының ережелері бойынша велосипедшілер жолды велосипедтен түсіп жаяу кесіп өтулері тиіс. Тротуарлармен жылдамдық қосып жүрмеу аса маңызды, – деді СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Григорий Тыш.

 

 

Полицейлер велосипедшілер тротуарлармен тек жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмеген жағдайда жүре алатындарын еске салады. 14 жастан велосипедпен жолдың оң жағымен жүруге болады. Аталған бағытта бірнеше жолағы бар жолдарда солға бұрылуға тыйым салынады.

 

Петропавл қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері велосипедшілермен жол жүрісі ережелерін бұзудың алдын алу жұмысын жүргізуде, олар өз әрекеттерімен өздеріне, жол жүрісіне өзге де қатысушыларға қауіп төндіреді.

 

 

 

 




Көрілген: 531    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.06.2021, 10:26

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31