Петропавлда көлік жарылған сәт видеоға түсіп қалған

01 мамыр 2022, 09:30

Петропавл орталығында көлік жарылды. Куәгерлер оқиғаны видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Видео ZTB парақшасында жарияланды. Кадрларда алдымен көлік өртеніп жатады, кейін жойқын жарылыс болады.

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, газбен жүретін Audi жеңіл автокөлігі жанып жатқаны туралы ақпарат 30 сәуірде таңғы 07.26-да түскен.

 

"Өртсөндірушілер келгенге дейін газ баллоны жарылып кетті. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті 07.40-та Петропавл қаласының № 3 өрт сөндіру бөлімінің кезекшілері жойды. Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы", - деп хабарлады департамент өкілдері.

 

Құтқарушылар автокөліктің электр жабдықтарын уақтылы диагностикалау қажет екенін еске салды. Өрт шықса, автокөлік 5-7 минут ішінде толығымен жанып кетеді.