Оқиға

Петропавлда көшеде автомат ұстап жүрген жастар тұрғындарды шошытты

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Петропавлда ойыншық автомат ұстап жүрген жастар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін кешкі сағат 22.00 шамасында Петропавлдағы Қазақстан Конституциясы мен Алтынсарин көшелерінің қиылысындағы автотұрақта болған.

 

Бұл жер &ndash полицейлердің ұдайы назарында. Жастар жиі жиналатындықтан, тұрғындардан үнемі шағым түседі.

 

Бұл жолы Жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнекамера арқылы автомат ұстаған бозбаланы өзімен замандас бір топ жастың арасынан байқап қалады. Ол жерге бірден Петропавл қалалық полиция басқармасының қызметкерлері жетті.

 

Автоматтың ойыншық екеніне көз жеткізген тәртіп сақшылары жастармен профилактикалық әңгіме жүргізді. Яғни жасөспірімдерге сағат 23.00-ден кейін ата-анасыз жүруге болмайтынын, карантин талаптарын сақтау қажеттігін және топтасуға тыйым салынғанын ескертті.

 

«Жедел басқару орталығы бейнекамераларының құқықтық тәртіпті сақтауда атқарар рөлі зор. Олар қоғамдық және жол қозғалысындағы қауіпті учаскелерді бақылауға алған. Жұмыс барысында түрлі, кейде тіпті күлкілі жағдайлар болып жатады. Бірақ біз қауіп тудыруы мүмкін оның әрқайсын тексеруге міндеттіміз», - дейді Петропавл қалалық полиция басқармасы жедел басқару орталығының бастығы Нұрлан Мұхаметжанов.

 




Көрілген: 512    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.10.2020, 20:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қараша, 08:44
    Иесін іздеген ит

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30