Оқиға

Петропавлда такси жүргізушілері жолақысын төлемеген клиентті жазалады

  • © vk.com/petropavlovsk_official

    © vk.com/petropavlovsk_official

Петропавлда такси жүргізушілері жолақысын төлемеген клиентті бетіне жасыл дәрі жағуға мәжбүрлеген, - деп хабарлайды Петропавловск.news басылымы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бұл жағдай видеоға түсіріліп, кейіннен WhatsApp пен әлеуметтік желілерде таралған. Полициядағылар роликті зерттеп, ондағы адамдарды анықтады.


Мобильді қосымша арқылы такси қызметін көрсететін Бескөл аудан орталығының 1992 жылғы тұрғыны 8 қаңтардан 9 қаңтарға қараған түні бір клиентті апарып тастаған. Алайда жеткізген кезде клиент жолақысын төлеуден бас тартқан. Сол кезде Daewoo Nexia жүргізушісі басқа да жүргізушілердің көзінше 29 жастағы ер адамды жасыл дәрі жағуға мәжбүрлеген.


Нәтижесінде жүргізушілер жауапкершілікке тартылды. Олардың біреуіне қатысты "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша іс қозғалды.


"Полиция қызметкерлері жекеменшік тасымалдаумен айналысатын жүргізушілерден клиенттердің жолақысын төлеуіне қатысты проблемаларды тек заң тәртібінде шешу керектігін ескертеді", - делінген хабарламада.


Тengrinews.kz


 




Көрілген: 731    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.01.2019, 10:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30