Оқиға

Петропавлдық тұрғын 8 миллион теңгесінен айырылып қалды

  • Петропавлдық тұрғын 8 миллион теңгесінен айырылып қалды

    Петропавлдық тұрғын 8 миллион теңгесінен айырылып қалды

Петропавл тұрғыны алаяқтарға алданып, сегіз миллионнан астам теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Интернет алаяқтар Петропавлдың 44 жастағы тұрғынына сегіз миллион теңгеден астам шығын келтірген. Әйел “банктің қауіпсіздік қызметінен қоңырау шалып тұрмыз” деген алаяқтардың сөзіне сеніп қалған.

Бейтаныс дауыс оған шотында күдікті әрекеттер жүргізіліп жатыр деп хабарлаған. Ақшаны сақтап қалу үшін оны “қосалқы шотқа” аудару қажет деген. Әйел қылмыскерлердің нұсқауын орындап, барлық жиған-тергенінен айырылып қалған.

— Алаяқтардың барлық сценарийлерінің ішіндегі түрі зор шығынға әкеледі. Қылмыскерлер сенімді, табанды түрде әрекет етіп, өз құрбандарының қаржы істеріне қатысты көп нәрсені білуі мүмкін. Қысымшылық көрсетіп, ақша аударуды немесе кодтар мен құпия сөздерді айтуды талап еткен жағдайлар да белгілі. Егер сіз өзіңіздің банк активіңізге біреудің қолсұғуына жағдай жасамаңыз, яғни құпия мәліметтеріңізбен бөліспесеңіз, онда қылмыскерлердің дәрменсіз екендігін естен шығармаған жөн. Қауіп туралы жақындарыңыз бен туыстарыңызды ескертіңіздер, алаяқтарға сенбеңіздер. Күмәнді жағдайларда өз шоттарыңыз жайлы нақты ақпарат алу үшін банкке жеке жүгініңіз, – дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климов.

Polisia.kz.




Көрілген: 2656    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.06.2021, 21:42

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31