Оқиға

Полицейді балағаттаған Түркістан тұрғыны кешірім сұрады (видео)

  • © Sputnik

    © Sputnik

Полиция қызметкерін балағаттаған Түркістан тұрғыны қамауға алынды. Әкімшілік сот осындай шешім шығарды, деп хабарлады қалалық полиция басқармасы.


Әлеуметтік желіде "жұлдыз" болған Түркістан тұрғыны полицейге тіл тигізгені үшін 3 күнге қамауға алынды, деп жазады өңірлік vera.kz сайты.


Бұл оқиға полиция жүргізген рейд кезінде болған. Тәртіп сақшылары тұрғындарды жолды белгіленген жерден өтуге үйретіп жатқан. Полицейдің өзіне қарата айтқан сөзіне ашуланған жігіт оны балағаттайды.


"Қалада бағдаршамдар мен "зебралар" көп, бірақ тұрғындар басқа жерден жүгіріп өткенді жақсы көреді. Бұл жас жігіт те жолды кесіп өтпекші болады, ал өзіне жасалған ескертуге балағат сөзбен жауап қайтарды. Енді кешірім сұрап қана қоймай, айыппұл төлейді", - деп жазды Түркістан қаласы полиция басқармасының басшысы Данияр Мейірхан өз парақшасында.


Сондай-ақ кешірім сұраған жігіт Түркістан тұрғындарын өзінің қателігін қайталамауға және заңды бұзбауға шақырады.


 


sputnik




Көрілген: 397    Пікірлер: 0

сенбі, 27.07.2019, 22:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31