Оқиға

Полицейдің артында 4 айлық баласы қалды: Қостанай облысындағы қайғылы оқиғаның мән-жайы

  • Полицейдің артында 4 айлық баласы қалды: Қостанай облысындағы қайғылы оқиғаның мән-жайы

    Полицейдің артында 4 айлық баласы қалды: Қостанай облысындағы қайғылы оқиғаның мән-жайы

  • Полицейдің артында 4 айлық баласы қалды: Қостанай облысындағы қайғылы оқиғаның мән-жайы

    Полицейдің артында 4 айлық баласы қалды: Қостанай облысындағы қайғылы оқиғаның мән-жайы

Қостанай облысының Тобыл қаласында полицей көз жұмды. Отбасында жанжал шығып, патрульдік полиция экипажы шақырылған. Полицей ер адамды ұстау кезінде жүрек тұсынан жарақат алып, қаза болды, деп хабарлайды Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Көз жұмған сержант Дархан Базарбаев әріптесі Амангелді Сыздықовпен бірге жанжал шыққан үйге 6 минут ішінде жеткен. Бұған дейін сотталған 28 жастағы мас ер адам бүтін отбасын қырып салатынын айтып, қоқан-лоқы көрсеткен. Туыстары оны бір бөлмеге қамап, полиция шақырған.

Cержант Дархан Базарбаев © PHOTO : ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Дархан Сыздықов ер адамның қаруын алып қойған, алайда өзінің қалай жарақат алғанын сезбей қалды. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем 1995 жылы туған сержанттың көз жұмғанын айтты. Артында 4 айлық баласы қалған.

"Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-тармағына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталды. Қостанай облысы полиция департаментінің қызметкерлері сержант Дархан Базарбаевтың қаза болуына байланысты қайғырып көңіл айтады",- деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

sputniknews.kz

 




Көрілген: 526    Пікірлер: 0

жексенбі, 19.01.2020, 19:05

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30