Оқиға

Полицейлер КВИ-дан қайтыс болғандар туралы мәліметті ритуалдық агенттіктерге сатқан

  • http://voronezh-news.net/

    http://voronezh-news.net/

Петропавлда полиция қызметкерлері ритуалдық агенттіктерге коронавирустан қайтыс болғандар туралы мәліметті сатты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, Петропавл қаласы полиция басқармасының жедел басқару орталығының бірнеше қызметкері күдікке ілінді.

 

Олар облыс орталығындағы ритуалдық агенттіктерге қала аумағында қайтыс болған адамдар туралы мәліметтерді сатып келген.

 

Полицейлер қайтыс болған адамның сауалнамалық деректерін беріп, бұл қызметті 4 мың теңгеге бағалапты.

 

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

 

Мамандардың айтуынша, бұл істің қалған мән-жайы тергеу мүддесіне сай жария етуге жатпайды.

 

Іс бойынша түпкілікті шешім тергеу жүргізу нәтижесі бойынша қабылданбақ.

 

 




Көрілген: 513    Пікірлер: 0

жұма, 26.03.2021, 20:58

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31