Полиция елорда әкімдігінде болған төбелеске түсініктеме берді

26 шілде 2022, 16:54

Полиция Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде төбелес шығарған әйелдердің ісі тіркелгенін хабарлады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

«Полицияға 25 шілде күні сағат 11:12 кезінде Бейбітшілік көшесінде орналасқан әкімдік ғимаратына бейтаныс әйелдер келіп, қоғамдық тәртіпті бұзып, ер адамды сабағаны туралы хабарлама келіп түсті», делінген департамент хабарламасында.

 

Оқиғадан кейін екі жақ бір-бірінің үстінен полицияға арызданғаны анықталды.

 

«Кикілжіңге қатысушылардың екі тараптан да бір-біріне шара қолдану керектігі туралы арыз түсті. Бұл факті «Сарыарқа» аудандық полиция басқармасында тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнама аясында шаралар қабылданады», делінген хабарламада.