Оқиға

Полиция желіде тараған қарт әжейдің суретіне қатысты түсініктеме берді

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    © Sputnik / Тимур Батыршин

Алматы облысының полиция департаменті Жетіген ауылында тұратын қарт әжейдің әлеуметтік желіде тараған суретіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

Әлеуметтік желіде бет-аузы көгерген қарияның суреті тарады. Желідегі жазбаға сүйенсек, Алматы облысы Іле ауданы Жетіген ауылында 14 маусым түнде белгісіз ер адам мен әйел қарт әжейдің үйіне терезені сындырып кірген. Ұйқыдан оянып кеткен қарияны басынан ұрып, соққыға жыққан. Үйін тонағаннан кейін, әйелді өлді деп ойлап, іргелес ауылға апарып тастаған.

 

 

Алматы облысының полиция департаменті 14 маусымда 79 жастағы қарияның көптеген жарақатпен Іле ауданының ауруханасына түскенін растады.

 

"Жауап алу кезінде әжей жалғыз тұратынын, үйінде абайсызда құлап қалғанын айтты. Дене жарақаты да содан пайда болыпты-мыс. Алайда, қарияның жауабы тергеудің күмәнін тудырып отыр. Осыған байланысты істің егжей-тегжейі тексерілуде. Соған қарағанда, әйел жақындарының бірін қорғаштайтын сияқты", - деп мәлімдеді полициядан.

 

Бұдан бөлек, департаменттің ақпаратынша, қария шағымданудан және сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартқан.

 

Алматы облысының полициясы аталған фактіні тіркеп, тексеріс жүргізіп жатыр.

 

 




Көрілген: 761    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.06.2020, 15:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31