Оқиға

Полиция Желіде тараған видеоға қатысты түсінік берді

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Нұр-Сұлтан қаласының полициясы әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды   Tengrinews.kz тілшісі.

 

Видеодан тәртіп сақшылары мен әскерилер жерде жатқан ер адамды ұстап жатқанын көруге болады. Оның арасында полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен әйел де бар.

 

ВИДЕО:  www.instagram.com/astanovka98/

 

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл оқиға 19 сәуірде болған.

 

Көшелерді патрульдеп жүрген Байқоңыр ауданы полиция басқарқамасының инспекторы мен екі әскери қызметкерден әйел көмек сұрапты. Ол көршілері ішімдік ішіп, бөтелкелерді сындырғанын, ескертулерді құлағына да ілмегенін айтқан.

 

Тәртіп сақшылары оқиға орнына барған. Олар үйдің алдында шамамен 10 адам жиналғанын, қоғамдық тәртіпті бұзып жатқанын көрген. Олардың арасында 3 әйел де бар. Полиция қызметкерлерінің төтенше жағдай кезінде карантин талабын бұзбау туралы талабын олар құлағына да ілмей, құқық қорғау қызметкерлеріне қарсылық көрсеткен.

 

"17.09.1992 жылы туған, бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған Заболотин Павел Николаевич есімді азамат мас күйінде полицияға қарсы күш көрсетіп, оны ұрды. Құқық қорғау қызметкерінің киімін жыртқан. Қалғандары да тәртіп сақшыларының талабына бағынбай оларға қарсы тас лақтырып, ар-намысына тиетін сөздер айтқан. Олардың арасында әйелдер де бар", - делінген хабарламада.

 

Полицияға көмек көрсету үшін оқиға орнына қосымша күш жіберілген.

 

ВИДЕО:  aitube.kz/video

 

Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында тәртіп бұзған барлық азамат Байқоңыр ауданы полиция басқармасының бөліміне жеткізілді.

 

Павел Заболотиннің үстінен ҚР қылмыстық кодексінің 380-бабы 3-бөлігі 9-тармағы ("Төтенше жағдай жарияланған аумақта билік өкiлiне күш қолдану") бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

Күдікті ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы бойынша тергеу судьясының санкциясымен 2 айға қамауға алынды. Ал қалған тәртіп бұзған азаматтардың үстінен ҚР Әкімшілік Құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы 6-бөлімі ("Төтенше жағдай режимін бұзу") әкімшілік хаттама толтырылды.

 

"Instagram әлеуметтік желісіндегі видео толық емес. Видеода тек полиция қызметкерлерінің Павел Заболотинді ұстап жатқан сәті бейнеленген. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік қызметі оқиғаға құқықтық баға беру үшін ҚР қылмыстық кодексінің 362 бабы 4-бөлігі 1-тармағы ("Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану") бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - делінген полиция таратқан хабарламада.

 




Көрілген: 417    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.04.2020, 11:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31