Оқиға

Полиция кеме үстінде кеш ұйымдастырған астаналықтарды іздестіріп жатыр

  • Полиция кеме үстінде кеш ұйымдастырған астаналықтарды іздестіріп жатыр

    Полиция кеме үстінде кеш ұйымдастырған астаналықтарды іздестіріп жатыр

Осы оқиғаға байланысты кеме кәсіпкерлігінің басшыларын полиция департаментіне куәлік беруге шақырған

Полиция мен медициналық дәрігерлер Нұр-Сұлтанда Есіл өзеніндегі кемеде кеш ұйымдастырған адамды іздестіруде.

Кеме үстінде ұйымдастырылған кешті куәгерлер ұялы телефонға түсіріп алған. Видеода жастардың әуенге билеп, көңіл көтеріп жатқанын көруге болады. Оол жерде шамамен отызға жуық адам жүр.

Куәгерлердің айтуынша, демалушылар карантиндік шектеулерге қарамастан белгіленген маска режимі мен әлеуметтік арақашықтықты ескермеген.

Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев карантинді бұзушылар аладғы уақытта табылып, жауапкершілікке тартылатынын айтты.

"Бұл факт бойынша көліктегі тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік басқармасы көлік полициясының желілік дирекциясымен бірлесе отырып, видеода көрсетілген адамдарды анықтау үшін тексеруді бастады. осы мақсатта кеме кәсіпкерлігінің басшыларын полиция куәлік беруге шақырып та үлгерді", - дейді Байтанаев.
Ержан Байтанаев карантинді бұзған барлық жеке және заңды тұлғалар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабының бірінші бөлігі бойынша (халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді, техникалық регламенттерді бұзу бойынша) жауапқа тартылатындығын түсіндірді. Тәртіп бұзушыларға үлкен көлемде айыппұл салынады.

 

sputniknews.kz




Көрілген: 240    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.09.2020, 08:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31