Оқиға

Полиция оқ жаудырған ер адамды неліктен ұзақ уақыт бойы ұстай алмағаны белгілі болды

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    © Sputnik / Тимур Батыршин

Алматы полициясы оқ атқан ер адамның ұзақ уақыт ұсталмауының себебін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

 

"Көп пәтерлі үй болғандықтан біз алдымен тұрғындарды эвакуацияладық. Сосын ол азаматтан берілуін талап еттік. Полиция қару қолданған жоқ. Тек дыбыс шығаратын арнайы гранаталар болды", -  деді полицияның ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

 

Оның айтуынша, қайтыс болған ер адам көршілерімен жиі жанжалдасқан. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, үйді жалға алып тұрған. Бірнеше ай бұрын әйелі балаларымен бірге кетіп қалған.

 

"Ер адамның жасы 56-да. Жеке басы анықталды. "Аллаху әкбар!" деген сөз айтылған жоқ. Бұл шындыққа жанаспайтын ақпарат", - деп түйіндеді Әзірбек.

 

Еске сала кетейік, күндіз "Бұқар Жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінің тұрғыны күзетшінің аяғына оқ атты. Содан соң кешке дейін пәтерде жасырынып отырды. Сағат кешкі жеті шамасында полиция қарулы адамды ұстау бойынша арнайы операцияны бастады.

 

Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қарулы адам құқық қорғаушылармен келіссөзге келмей, оларға қарсы оқ атты. Ол бұған дейін көршілеріне дөрекі мінез көрсеткен.

 

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы жарақат алған күзетшінің қаладағы медицина мекемелерінің біріне жеткізілгенін, жағдайы қалыпты екенін мәлімдеді. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

 

 

 




Көрілген: 2647    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.04.2021, 08:44

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30