Оқиға

Полиция "Орда" тобы әншілерінің ата-анасы қаза болған жол апатының мән-жайын айтты

  • http://videonews.guru

    http://videonews.guru

Әншілердің ата-анасы көз жұмған жол апаты Теміртау қаласынан екі километр жерде болды. Бұл туралы Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.


Жол апаты 11 қазанда Бұқар Жырау ауданында болған. Теміртау-Астана автожолымен келе жатқан "Volkswagen" көлігінің 66 жастағы жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан. "Scania" көлігінің рөлінде 28 жастағы ер адам отырған.


"Жол апаты салдарынан "Volkswagen" көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды", - деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Қазіргі уақытта жол апатының мән-жайын полицейлер анықтап жатыр. Бұл факті бойынша тиісті сараптамалар белгіленіп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


Айта кетейік, бұған дейін "Орда" тобының әншілері Ерболат пен Есболат Беделханның әке-шешесі көлік апатынан қаза болғаны хабарланған еді.



sputnik

 




Көрілген: 3818    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.10.2019, 09:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30