Оқиға

Полиция телефон қоңырауынан соң блокбекеттен өткізіп жіберген джип жүргізушісі кім? (видео)

  • Сурет zhaloby.astana парақшасынан алынды

    Сурет zhaloby.astana парақшасынан алынды

Әлеуметтік желі қолданушысы Ақмола облысында блокбекеттен полицейлердің қара джип көлігін өткізіп жібергенін телефон камерасына түсіріп алған. Видео Intagram желісіндегі zhaloby.astana парақшасында жарияланды.

 

Видео авторының айтуынша, полиция қызметкерлері джип жүргізушісін телефон қоңырауынан кейін блокбекеттен өткізіп жіберген. Ал өзін блокбекеттен ары қарай жібермеген.

 

Ақмола облысы полиция департаменті әлеуметтік желіде шу тудырған осы видеодан кейін джип жүргізушісін анықтап, оның Бурабай курорт аймағына не себепті өткізілгенін түсіндірді.

 

"Ресми тексеру барысында аталған көліктің жүргізушісі триатлоннан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Е.В.Соловьев екені анықталды. Ол Бурабай курорт аймағында бір апта бойы жаттығады, оқу-жаттығу өткізуге ресми рұқсаты бар. Жаттықтырушының жеке куәлігі болмаған. Сондықтан көлік жүргізушісі өзінің жаттықтырушы екенін және кіруге рұқсатын бар екенін растау үшін телефон соққан" делінген Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

 

Видео:  www.instagram.com/p/CDCH7SwpRjy/

 

qamshy.kz

 




Көрілген: 398    Пікірлер: 0

сенбі, 25.07.2020, 17:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30