Оқиға

Полицияның қатысуымен болған даулы видеоның мән-жайы айтылды

  • https://udm-info.ru/

    https://udm-info.ru/

Павлодар қаласының тұрғыны үйдің ауласында учаскелік полиция инспекторына шабуыл жасап, оған дене жарақатын салды, деп хабарлады Polisia.kz порталы.

 

Әлеуметтік желіде Павлодар тұрғынының полицейге шабуыл жасап, оған қол көтерген видеосы пайда болды. Тәртіп бұзушының бұл әрекетін көршісі тоқтатпақ болады. Павлодар облысының полиция департаменті осы оқиға туралы мәлімет берді.

 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch

 

"Тергеу барысында 6 маусым күні бұрын тонау жасағаны үшін сотты болған 31 жастағы азамат К.-ның орташа деңгейлі масаң күйде қаланы абаттандыру ережелерін бұзып, сондай-ақ алкогольдік ішімдік ішкені анықталды. Ол Павлодар қаласы Лермонтов көшесі, 96 үйдің ауласында болған", - делінген ақпаратта.

 

Бұл жайлы сол маңның тұрғындары учаскелік полиция инспекторына хабарлаған.

 

Оқиға орнына келген полиция инспекторы Р.Төкебаев азаматқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы бұзғанын айтып, ескерту жасаған. Алайда азамат дөрекі былапыт сөздер айтып, полиция қызметкеріне тіл тигізген.

 

Учаскелік полиция қызметкері тарапынан құқыққа қарсы әрекеттерді тоқтату туралы ескертуге қарамастан, ер адам билік өкілін қорлап, физикалық күш қолданған.

 

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, полиция қызметкері азаматтың белсенді қарсылық білдіруіне байланысты арнайы құралдарды қолдануға құқылы. Алайда азамат К.-ның қолында жас бала болғандықтан, учаскелік инспектор қорғаныс сипатындағы әрекетпен шектелді", - делінген ақпаратта.

 

Алайда бұл тәртіп бұзушыны райынан қайтара қойған жоқ. Ол полицейді ұру, тебу секілді күш қолданды. Оқиға кезінде азамат К. құқыққа қарсы әрекетімен полиция қызметкеріне әртүрлі дене жарақатын салды.

 

Полиция жасағы келіп, күдікті азамат К.-ны ұстады. Ол Павлодар қаласы ішкі істер бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамалды.

 

Оның әрекеті Қылмыстық кодекстің 380-бабы 2-бөлігіне ("билік өкілінің өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдану") ауыстырылды.

 

 

sputniknews.kz




Көрілген: 401    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.06.2020, 11:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31