Оқиға

Польшада оққа ұшқан 16 жастағы қазақстандықтың ісіне қатысты тың деректер шықты

  • https://eadaily.com/

    https://eadaily.com/

Польшада атып өлтірілген 16 жастағы қазақстандықтың ісіне байланысты жаңа деректер шықты, деп жазады SilkRoad порталы.

 

Қазақстандықты өлтірді деген күдікпен 51 жастағы Ч.Дариуш есімді азамат ұсталған. Сотқа дейінгі тергеу жүргенге дейін ол 3 ай қамауда болмақ. Күдікті кінәсін мойындап, жігітті қабан екен деп ойлап атқанын жеткізді.

 

Тергеу барысында күдікті азамат кәсіби аңшы екені, қару ұстауға рұхсаты бары анықталды. Іс бойынша тағы бір азамат 41 жастағы Б.Марцин есімді адам ұсталған. Оған үш айып тағылып отыр. Ол 5 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Бұған дейін қарашаның 1-інен 2-сіне қараған түні Польшадағы мектеп-интернаттың бірнеше оқушысы алма бағына серуендеуге барғанда оқ атылып, бір адамның қаза тапқаны хабарланған. Қайтыс болған 16 жастағы Исмаил есімді Шығыс Қазақстан облысының тумасы Станислав Конар атындағы колледжде оқып жүргені белгілі болды.

 

 

Күдікті оқты автокөліктен атып, оқиға орнынан бой тасалаған. Жүргізушінің қару ұстауға рұхсаты болғанымен, ол маңда оқ атуға болмайтыны анықталды.

 

 

qamshy.kz




Көрілген: 345    Пікірлер: 0

жұма, 06.11.2020, 16:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31