Пойыздың үстінде селфи жасамақ болған қыз токқа түсті

01 мамыр 2022, 14:37

Павлодар облысында пойыз шатырында селфи жасамақ болған қыз токқа түсті. Жәбірленуші ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің сөзінше, оқиға 30 сәуірде болған. Сағат 22.10-да электржарақат алған қыз туралы ақпарат түскен. 8 минуттан кейін дәрігерлер келген.

 

2004 жылғы қыз бірден ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің сөзінше, қыздың жағдайы ауыр. Қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.

 

"Бүгін науқас Павлодардағы №1 аурухананың күйік бөліміне ауысады. Куәгерлердің сөзінше, қыз пойыз шатырына селфи жасау үшін шыққан", - деді ведомство өкілдері.