Прагада екі ай іздеуде болған қазақстандық студенттің денесі табылды

29 сәуір 2022, 18:41

Жігіттің әкесі Сергей ұлы қоңырау шалғаннан кейін бірден іздеуді бастаған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оrda.kz-ке сілтеме жасап.

Тараз қаласының тұрғыны Сергей Кузьминнің айтуынша, Олегтің денесі табылған. Ол суға батып кеткен. 20 жастағы жігіттің денесі Прагада кремацияланған. Жігіттің өліміне қатысты бұдан өзге ақпарат жарияланбаған.

 

 «Біздің отбасымызда аза тұту, жерлеу және еске алу рәсімдері болмайды. Көңіл айтудың қажеті жоқ. Балам әрқашан бізбен бірге. Бұл – біздің шешіміміз, оны құрметтеуіңізді өтінемін. Үйде екі әжеміз бар, олар бұл жаңалықты көтере алмауы мүмкін» деді Олегтің әкесі.

 

Еске салсақ, Олег Кузьмин 2019 жылы Прагаға оқуға кеткен. 2022 жылдың 26 ақпанында таңертең жас жігіт әкесіне қоңырау шалып «Әке, көмектес» деп айтып, артынша жоғалып кеткен.