Оқиға

Ресейде қазақстандық әйелді ұрлап, зорлап кетті - БАҚ

  • © Photo: StockSnap

    © Photo: StockSnap

Санкт-Петербургте 38 жастағы қазақстандық әйелді қарақшылар ұрлап әкетіп, зорлап тастады. Бұл туралы "Оперативное прикрытие" порталы хабарлайды.


Зардап шегуші айтқандай, түнгі сағат екі шамасында пәтеріне үш ер адам басып кірген. Тонаушылар үй иесінен миллион рубль (алты миллион теңгедей) талап етеді. Содан кейі қарақшылар әйелді бір жаққа ұрлап әкетіп, зорлап кетіпты.


"Күдіктілердің бірін полицейлер ұстады. Ол 21 жастағы Өзбекстан азаматы болып шықты. Қазір құқыққорғаушылар оның екі сыбайласын іздеп жатыр", - делінген басылым мәліметінде.


Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстанға хабарлағандай, қазақстандық дипломаттар ақпаратты тексеріп жатыр.


Еске сала кетсек, 22 тамызда осыған ұқсас жайт Екатеринбург қаласында болды. Ресейлік БАҚ қазақстандық қызды бірнеше полицей зорлады деп хабарлаған.


Күдікті тәртіп сақшыларын Свердлов облысы бойынша ІІМ бас басқармасының жеке қауіпсіздік басқармасы қызметкерлері ұстады.Тергеушілер үш полицейді де қамауға алуды сұрапты.


Қазақстанның Қазандағы бас консулдығы Ресейдің Свердлов облысы бойынша ІІМ бас басқармасына оқиға жайында мәлімет беруді сұрап жазбаша сауал жолдады.


 sputnik




Көрілген: 609    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.09.2019, 10:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31