Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Рудныйда 12 жасар бала ойын алаңында көз жұмды

06 маусым 2022, 20:02

Рудный қаласында ауладағы ойын алаңдарының бірінен баланың денесі табылғаны туралы ақпаратты Қостанай облыстық полиция департаменті растады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

«Оқиға тіркеуге алынды. Тексеру жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деп департаменттің баспасөз қызметі әзірге қысқаша жауап берді.

 

Жергілікті iagorod.kz сайтының хабарлауынша, 2009 жылғы баланың денесі бүгін күндіз Качарская көшесіндегі аулалардың бірінен табылған.

 

Дененің турникте салбырап тұрғаны айтылады.

 

Ақпарат құралында жазылғандай, бала жіппен ойнап жүріп, абайсызда қайғылы жағдайға ұшырған болуы мүмкін.