Оқиға

"Сәбиін тастап, перзентханадан кетіп қалды": Көкшетауда хабар-ошарсыз кеткен әйел өлі күйінде табылды

  • "Сәбиін тастап, перзентханадан кетіп қалды": Көкшетауда хабар-ошарсыз кеткен әйел өлі күйінде табылды

Көкшетауда перинаталдық орталықтан қашып кеткен босанған әйел өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде хабар-ошарсыз кеткен әйелдің суреті жарияланды. Еріктілер оның перзентханадан халат пен тәпішкемен кеткенін хабарлады.

Кейін жоғалып кеткен 36 жастағы Көкшетау тұрғынының өлі денесі табылды.

"Жиырма жетінші тамызда кезекші бөлімге перинаталдық орталықтың жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесінің дәрігерінен хабарлама келіп түсті. 05:20-да 36 жастағы науқас палатадан қашып кеткені белгілі болды. Көкшетау қаласының тұрғыны жаңа туған баланы қалдырып, қайда кеткенін дәрігерлер білмеді", - деді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнара Пинчук.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты.

"Белгілі болғандай, босанғаннан кейін әйелдің толқуы болды", - деді агенттіктің сұхбатшысы.

Әйелдің мәйіті сол күні перинаталды орталықтың жанында сағат 19:00-де табылды. Ол өзіне-өзі қол жұмсаған.

"Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу). Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп қорытындылады Гүлнар Пинчук.

Марқұмның отбасы жағымды сипатталады, ерлі-зайыптылар үш ұл тәрбиелеп өсірді. Туған бала - төртіншісі, қыз.

Босанудың сәтті өткені белгілі болды. Алайда, жаңа туған нәрестеде патология анықталды - қатты және жұмсақ таңдайдың жарылуы.

Сонымен қатар, марқұмның туған-туыстары босанған әйелді таңертең көшеге шығарған күзетке наразы.




Көрілген: 489    Пікірлер: 0

жұма, 28.08.2020, 21:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31