Оқиға

Сәбиінің жынысы өзгерген: Алматы тұрғыны баласының жыныс мүшесін анықтау үшін сотқа жүгінді

  • Сәбиінің жынысы өзгерген: Алматы тұрғыны баласының жыныс мүшесін анықтау үшін сотқа жүгінді

    Сәбиінің жынысы өзгерген: Алматы тұрғыны баласының жыныс мүшесін анықтау үшін сотқа жүгінді

Алматы тұрғыны сәбиінің құжатын қыз деп өзгерткісі келеді. Перзентханадағылар нәрестені о баста ұл деп айтып, ата-анаға ер баланың куәлігін ұстатқан екен. Алайда уақыт өте келе шақалақ қызға айналып келе жатыр дейді анасы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп.


Миллионнан бір кездесетін жағдайға тап болған Мельниковтер отбасы баланың құжаттағы аты-жөні мен жынысын ауыстыруға сотқа келді. Қателік жіберді деген күдікпен перзентхана қызметкерлері де сотқа шақыртылыпты.


Сөйтсе, дәрігерлердің еш кінәсі жоқ екен. Сегіз айлық сәби өте сирек кездесетін генетикалық дертке шалдыққан. Яғни, дүние есігін ашқанда шақалақ шынымен ұл болған, бірақ толық емес. Мұндайды бұрын-соңды көрмеген дәрігерлер ақылдаса келе, ақыры нәрестені ұл деп жазыпты.


Ата-анасы да онымен келісіп, балаға Максим деп ат қойған. Алайда уақыт өте келе сырқатына байланысты гормон дәрілер ішіп жүрген сәби қызға айналып, туыстары Анна деп атай бастапты. Генетикалық ауытқуы бар Анна толық қыз да емес. Сонда да ата-анасы сырқат сәбилерін ең болмаса құжатта "қыз" деп көрсеткісі келеді.


"Қыз тапқаныма сенімдімін. Даусы, жылағаны, күлгені – қыздың қылығы. Құжаттан әбден қажыдық. Жеделжәрдем шақыртсақ, "куәлікте ұл деп тұр, ұл қайда" деп сұрайды. Осы түсінбеушіліктің кесірінен тегін медициналық көмек ала алмай келдік. Енді құжатымызды тезірек реттеп берсе деп сұраймыз", - дейді Кристина Бобенко.




Көрілген: 719    Пікірлер: 0

жұма, 01.11.2019, 23:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30