Оқиға

Сән салонына барған алматылық бойжеткен бір өлімнен аман қалды

  • Сән салонына барған алматылық бойжеткен бір өлімнен аман қалды

    Сән салонына барған алматылық бойжеткен бір өлімнен аман қалды

 25 жылдық еңбек өтілі бар дерматолог дәрігер Сәния Оспанова қынаның аллергия туғызатын әсері бар екенін, сондықтан бұлай бассыздық танытуға болмайтынын айтады. Өйткені Квинке аллергиясынан адам бір мезетте өліп те кетуі мүмкін екен.


Алматыда сән салонына барған қыз ауруханадан бір-ақ шықты. Сөйтіп екі апта бойына ем алған Зере Төреханнан ешкім кешірім сұрамаған, сән салоны да өз кінәсін мойындамаған, деп хабарлайды  Almaty.tv..


Қыз қынамен қасын жасатқан. Бірақ ертесінде оянып, айнаға қараған ол өз түрін танымай қалған. Беті жара басып, ісіп кеткен. Ол бірден салонға тартқан. Бірақ өз кезегінде салон қызметкерлері қызға еш көмектесе алмайтындарын айтыпты. Содан кейін еріксіз дәрігерге қаралуға тура келген.


"Дәрігер дерматит, Квинке ісігіне әкелетін аллергия деп диагноз қойды. Ал салондағылар кешірім де сұраған жоқ. Олар аллергияңыз бар екенін айтуыңыз керек еді дейді. Бірақ мен ескерттім оларды. Қынаны бірінші рет пайдаланып тұрмын деп", - дейді алматылық бойжеткен.

Қыз қаңтар айында зардап шеккен. Сот содан бері әлі жүріп жатыр. Қыздың адвокаты салондағылар кінәсін мойындамаса да қыздың дәрігерлік шығыны – 18 мың теңгені төлегенін айтады.


"Анита" сән салонының иесі сотта медициналық шығынды төледім, енді мен ешқандай ақша шығармаймын деп айтты. Алайда заңға сәйкес, зардап шегуші олардан материальдықпен қатар моральдық шығын өтеуді де талап етуге құқы бар", - дейді адвокат Индира Әлімжанова.

Ал сән салоны адвокатының айтуынша, косметолог тұтынушысынан қандай да бір препаратқа аллергиясы бар ма деп сұрауға қақысы жоқ, өйткені қына дәрілік затқа жатпайды.


Алайда дерматологтардың бұл реттегі пікірі басқалай. 25 жылдық еңбек өтілі бар дерматолог дәрігер Сәния Оспанова қынаның аллергия туғызатын әсері бар екенін, сондықтан бұлай бассыздық танытуға болмайтынын айтады. Өйткені Квинке аллергиясынан адам бір мезетте өліп те кетуі мүмкін екен.


"Сән салоны қызметкерлері тұтынушысының аллергиясы бар-жоғын тексеру керек. Кез келген бояу түрін пайдаланар алдында. Ал қынада химиялық қоспа бар. Оны қап-қара ету үшін бояу қосылады оған. Мұны олар жақсы біледі. Бірақ олар мұны артық іс көретін секілді. Онда істегендерін мойындарымен көтеруі керек. Бұл қызға алғашқы көмек көрсетілгенде жағдай бұлай өршімес еді", - дейді ол.

Сот бұл жолы да үкім шығарған жоқ, сот отырысы 24 шілдеге шегерілді.


Almaty.tv.




Көрілген: 424    Пікірлер: 0

жексенбі, 21.07.2019, 12:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31