Оқиға

Сарыағашта тойға дайындалып жатқан әулет жерлеу рәсімін өткізді

  • Сарыағашта тойға дайындалып жатқан әулет жерлеу рәсімін өткізді

    Сарыағашта тойға дайындалып жатқан әулет жерлеу рәсімін өткізді

Түркістан облысында тойға дайындалып жатқан туысқандар арасында жанжал туындап, пышақ жарақатын алған ер адам қайтыс болды. 

Бұл іс туралы Сарыағаш аудандық сотының БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі судья-үйлестірушісі Берік Қайыпов айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Іс материалдарына сүйенсек, осы жылдың 30 қаңтарында Сарыағашта тойға дайындалып жатқан әулетте қанды оқиға орын алған. Қалыңдықтың үйіне жиналған туыстар азық-түлік дайындап жатқан. Ондаған ер адам палау үшін көгөніс турап отырыпты. 

Бір сәтте 42 жастағы екі туыстың арасында жанжал туындаған. Осы кезде ер адамның бірі қарсыласының кеудесіне пышақ сұғып, ол жүрегін тесіп өткен. Зардап шегуші оқиға орнында қайтыс болған. Күдікті айыбын мойындап полицияға өзі барған. 

Іс материалдарында оның алты баласы бар екені, бұрын сотты болмағаны, алкоголь ішпейтіні көрсетілген. 

Полицейлер оқиға орнынан бірнеше ас үй пышағын анықтаған. Оның бәрі сараптама жүргізіп, қылмыс қаруын анықтау үшін алынған. 

"Сарыағаш полиция бөлімінің тергеу органдары аудандық сотқа ҚР ҚК 99-бабы, 1-бөлігі (Кісі өлтіру) бойынша айыптау қорытындысымен 1978 жылы туған жергілікті тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеу материалдарын ұсынды. 2021 жылы 2 ақпанда істі қараған сот күдіктіні 2 ай мерзімге қамауда ұстау және қамауға алуға санкциялау туралы үкім шығарды", - дейді Берік Қайыпов.




Көрілген: 2156    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.02.2021, 23:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30