Оқиға

Сәтбаевта 6 жасар қызды қаңғыбас иттер талап өлтірген

  • Сәтбаевта 6 жасар қызды қаңғыбас иттер талап өлтірген

    Сәтбаевта 6 жасар қызды қаңғыбас иттер талап өлтірген

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауыр жарақат алған қыз оқиға орнында қайтыс болған.

15 қараша күні сағат 17:00 шамасында Сәтбаев қаласының полиция бөлімінің кезекші бөліміне жедел жәрдем дәрігерлерінен қаладағы саяжайлардың бірінен ит талаған 6 жасар қыздың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Полицейлер жәбірленушінің ата-анасымен бірге саяжайда бір үйде тұрғанын анықтады.

Сол күні үйдің ауласында ересектердің қарауынсыз жүрген қыз иттердің арасында жалғыз қалып қойған.

«Қайғылы өлім фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Полицейлер баланың ата-анасын жауапкершілікке тарту мәселесін қарап жатыр. Иттерді аулау бойынша тиісті ветеринарлық қызметтерге нұсқама жолданды», &ndash дейді полицейлер.

aikyn.kz




Көрілген: 422    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.11.2020, 08:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31