Оқиға

Сәтбаевта ішімдікке салынған отбасының үш жасар қызы қайтыс болды

  • Сәтбаевта ішімдікке салынған отбасының үш жасар қызы қайтыс болды

    Сәтбаевта ішімдікке салынған отбасының үш жасар қызы қайтыс болды


Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында қайтыс болған үш жасар Злата жер қойнына тапсырылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.


 

 

Фото қыздың отбасының архивінен алынды

Фото қыздың отбасының архивінен алынды


"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8;">Рассказать Вконтакте


Қайғылы оқиға ішімдікке салынған әлеуметтік әлсіз азаматтар тұратын пәтерде орын алған.


Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының "жедел жәрдем" қызметі мәлім еткендей, қаладағы көпқабатты үйлердің бірінің пәтерінен шақырту түскен.


"Балаға жедел жәрдем шақыртылғанын растаймыз. Алайда, қызды құтқара алмадық", – деп хабарлады жедел жәрдем қызметі.

Көршілерінің айтуынша, сол күні қайғылы оқиға орын алған үйде алкогольді ішімдіктер ішілген.


"Төбелес, айқай-шу болған жоқ. Көңіл көтеріп отырғандары естілді. Бірақ, балаға зияндарын тигізеді деп ойлаған да жоқпын", – дейді көрші пәтерде тұратын Наталья Синицина.

Қала әкімдігі қаза болған қыздың ата-анасына қажетті қаржылай көмек көрсетіліп, жерлеу рәсімін ұйымдастыруға жәрдем жасалғанын атап өтті. Сондай-ақ қыздың ата-анасына моральдік көмек көрсету үшін психологтар тартылған.


Құқық қорғау органдары әзірге оқиғаға қатысты қандай да бір пікір білдіруден бас тартып, тергеу басталғанын жеткізді. Олар сотқа дейінгі тергеу амалдарының құпиялығына сүйеніп, өзге мәліметтер аталмайтынын алға тартты.



 





Көрілген: 1040    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.12.2019, 13:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31