Оқиға

Саунада 11 жезөкше ұсталды

  • https://www.ktk.kz/

    https://www.ktk.kz/

Шығыс Қазақстанда түнгі көбелектерге тыйым болмай тұр. Тәртіп сақшылары бір күндік тексеру кезінде саунада тәнін саудалаған 11 қызды анықтаған. Арын ақшаға айырбастағандар карантиндік талапты да елемепті.

 

Талант Исаев, ШҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы:

 

- 47 жастағы әйел 20 жастағы қызды жезөкшелікпен айналысуға үгіттеген деп айыпталуда. Семейдегі қонақ үйдің 55 жастағы әкімшісі делдал болғаны үшін жауапқа тартылмақ. Жалпы тексеру кезінде мұндай екі дерек анықталған.

 

Полицейлер саунаға сау етіп кіргенде мұндағылар абдырап қалған. Іште мекеме әкімшісі мен интимді қызмет ұсынатын жартылай жалаңаш қыздар өріп жүр. Бәрі әдеттегідей бет жүзін тұмшалап әлекке түсуде. Бұл жерде санитарлық талап жөнінде сөз қозғаудың өзі артық.

 

Жалпы саны 11 бұрымдыға айыппұл салынатын болды.

 

Ал, сауна әкімшісінің делдалдыққа қатысы бары дәлелденсе, бес жылға дейін түрмеге жабылуы мүмкін.

 




Көрілген: 330    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.06.2020, 10:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31