Оқиға

Сайрам ауданында көшеден жаңа туған нәресте табылды.

  • Сайрам ауданында көшеден жаңа туған нәресте табылды.

    Сайрам ауданында көшеден жаңа туған нәресте табылды.

 Сүлгіге орап қойған шақалақты Ақсукент ауылының тұрғындары тауып алған. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияға хабарласқан тұрғындар нәрестені бүгін таңғы сағат 10:00 шамасында тауып алғанын айтқан.

Аталған хабарлама бойынша оқиға орнына Сайрам АПБ бастығы бастаған жедел тергеу тобы шыққан. Тәртіп сақшылары сүлгіге оралған сәбидің туғанына 4-5 сағат болғанын анықтаған. Тез арада нәресте аудандық орталық ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер бақылауға алған. Мамандар оның салмағы 2,75 кг, бойы 52см екені және азиат нәсілді қыз бала екенін анықтаған. «Осы дерек Сайрам АПБ-нде ҚР ҚК-нің 119-бабымен тіркелді. Полицейлердің жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізуі нәтижесінде нәрестені көшеге тастап кеткен анасы 2 сағат ішінде табылып, ұсталған. Қазіргі таңда осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, не себепті тастап кеткені анықталуда», - делінген хабарламада.

ktk.kz




Көрілген: 236    Пікірлер: 0

жексенбі, 07.06.2020, 23:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31