Оқиға

Семейде 4 жасар бала бір үйір жылқының астында қалыпты

  • Семейде 4 жасар бала бір үйір жылқының астында қалыпты

    Семейде 4 жасар бала бір үйір жылқының астында қалыпты

Newtimes.kz. мәлімдеуінше, оқыс оқиға 19 қыркүйек күні «Шығыс» кентінің саяжайында болған.

Төрт жасар бала ауладағы балалармен ойнап, жүгіріп жүрген. Сол мезетте бір үйір жылқының келе жатқанын байқаған ересек балалар жан-жаққа қаша жөнелген. Олардың дауысынан үріккен аттар да шаба жөнелген. Соның арасында Саша Вагнер деген бала аттың астында қалып қойған. Салдарынан баланың бауыры езіліп, қабырғасы сынып, ішіне қан кеткен.
«Біз әлі күнге дейін ауруханадамыз. Балама үш рет ота жасалды, жағдайы өте ауыр. Баламның амандығын тілеп отырмын» дейді Сашаның анасы Светлана Шац.
Оның жан сақтау бөлімінде жатқанына төрт күн болған. Жағдайы әлі де ауыр екен.
«Міне, содан бері бір апта уақыт өткенімен, жылқының иесін көрмедік. Ал баламның аяққа тұруына қыруар қаржы керек. Бізде дәрі-дәрмекке де ақша жоқ. Тіпті, не істерімізді білмейміз», &ndash деген ана тәртіп сақшыларының жылқы иесін табуға ниетті емес екенін айтты.
Қазір ол баласының қасында отыр. Ал күйеуі үйде, 6 жастағы қызға қарап отыр. Екеуі де жұмыссыз, олардың ендігі уайымы &ndash баланың еміне ақшаны қайдан табатынын білмей отыр.  Бүгінге дейін үйір жылқының иесі әлі анықталмады.

aikyn.kz




Көрілген: 1896    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.10.2020, 10:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Қараша, 08:44
    Иесін іздеген ит

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30