Семейде 40 жастағы ер адам суға батып кетті

06 маусым 2022, 21:13

Семей қаласында 40 жастағы ер адам суға батып кетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

40 жастағы қала тұрғыны 31 мамыр күні із-түссіз жоғалып кеткен.

 

Полицияға хабар түскен соң тәртіп сақшылары мен еріктілер жедел-іздестіру шараларына кірісті. Құтқарушылар да су айдындарының жағалауларын тексерген.

 

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 4 маусым күні ер адамның денесі Ертіс өзенінен табылды.

 

«Мәйіт өзеннің Приреченское ауылдық округінің Мұздыбай ауылындағы тұсынан табылған. Болжам бойынша ол суға түсіп жүріп батып кетті», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

 

Жыл басынан бері өңір бойынша 5 адам суға кеткен.

 

Құтқарушылар тұрғындарға суда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.