Семейде бойжеткенді пойыз басып кетті

15 сәуір 2018, 18:59

Семей қаласында қызды пойыз басып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға қала орталығындағы Rich қонақүйі маңында түн ортасында болған. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, ол екі құрбысымен бірге жүрген.

Әлі анықталмаған болжам бойыша, олардың үшеуі де масаң болған. Біреуі жеке қауіпсіздікті сақтамауы салдарынан темір жолға тым жақын барған. Өтіп бара жатқан жүк құрамы қызды іліп кеткен.

21 жастағы семейлікті шұғыл ауруханаға жатқызды.

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккенннің басы жарылған және денесі көгерген. Қазір оның жағдайы орташа деп бағалануда.

Желілік полицияның хабарлауынша, оқыс оқиға тексерілуде.