Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Семейде ер адамның балалы әйелді ұрып жыққан сәті видеоға түсіп қалды

04 ақпан 2021, 09:21

Семейде ер адам қолында баласы бар әйелді ұрған сәті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

 

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер оқиға 2021 жылдың 31 қаңтарында болғанын айтты.

 

Кадрға қарағанда қолында баласы бар әйел аулада жүр. Сол кезде ер адам оған жақындап, басынан ұрады. Салдарынан әйел баласымен бірге құлайды.

 

"Ер адам, әйел және бала түсірілген видеоға байланысты айтар болсақ, қалалық полиция басқармасы тиісті тексеруді бастады. Осы уақытқа дейін оқиғаға байланысты шағым түскен жоқ. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", - деп хабарлады полициядағылар.