Семейде жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды

30 наурыз 2022, 19:33

Румия Нысанбекова наурыздың 10-ы күні үйінен белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

Із-түссіз жоғалып кеткен қызды іздеуге қатысқан Volontery_semey_LIDER.KZ тобының мүшелері өкінішке орай бүгін оның өлі табылғанын хабарлады.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жас қыз өз-өзіне қол жұмсаған.

 

-   30 наурыз күні Семей қаласының 18 жастағы тұрғынының суицид фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Сот сараптамалары тағайындалды, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.