Семейде жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

07 маусым 2022, 08:43

Семей қаласында із-түзсіз жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "ҚазАқпарат"-қа сілтеме жасап.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 2 маусым күні полицияға хабарласқан әйел ағасының жоғалып кеткенін айтты.

 

55 жастағы ер адам қаладағы Жоламан көшесіндегі үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмаған.

 

«Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларына кірісті. Соның нәтижесінде, қала аумағынан жоғалған адамның мәйіті табылды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», - делінген ақпаратта.

 

Бірқатар медициналық сараптама тағайындалған.

 

Ер адамның өліміне не себеп болғаны соның нәтижесінен кейін анықталады.