Оқиға

Сенбілікте қайтыс болған оқушы оқиғасы: ҚТЖ ресми түсініктеме берді

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    © Sputnik / Тимур Батыршин

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы Ақмола облысының Атбасар ауданында теміржолда болған трагедияға ресми түсініктеме берді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.


ҚТЖ компания қажетті қауіпсіздік талаптарын сақтағанын атап өтті.


"Теміржол стансасы сым қоршаумен қоршалған, қауіпсіздік ескерту белгілері бар. Үшінші жолда тұрған вагондар теміржол көлігіндегі дабыл нұсқаулығына сәйкес қоршалмайды және жол қызметкерлері күзетпейді", - деп хабарлады баспасөз қызметі.


Сондай-ақ, мектеп оқушыларына ол жақ қауіпті екені ескертілген.


"2018 жылдың 20 қыркүйегінде Атбасар жол дистанциясының өкілі сынып сағаттарын өткізу кезінде оқушыларды теміржол көлігінде – қауіп төндіретін жерлерде балалардың жүріп-тұру ережесімен таныстырды", - деп қорытындылады ұлттық компания.


Естеріңізге сала кетейік, 11 сәуірде Ақмола жол бөлімшесінің Ирченко стансасында қайғылы оқиға болды. Мектеп оқушысы үшінші жолда тұрған астық вагонының төбесіне шығып, тоққа түсіп қалған. Трагедия сенбілік өтіп жатқан күні мектептен 300 метр жерде болды. Мектептің өзі теміржолдан 40 метр жерде орналасқан.


Аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 344-бабы 2-бөлігі, яғни "Абайсызда адам өліміне әкеліп соққан теміржол қозғалысы қауіпсіздігінің тәртібі және оны жүргізу ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, бұл баптың санкциясы жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады.


 




Көрілген: 681    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.04.2019, 11:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Маусым, 11:45
    Миялыдағы ажалды апат

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31