Оқиға

Шәкіртінің бетінен ұрған жаттықтырушыға оқушының анасы кешірім берді

  • Шәкіртінің бетінен ұрған жаттықтырушыға оқушының анасы кешірім берді

    Шәкіртінің бетінен ұрған жаттықтырушыға оқушының анасы кешірім берді

Қыздың анасы Жаңаөзенде жақсы жаттықтырушылар аз екенін айтты

Жаңаөзенде жарыс кезінде бапкері бетінен ұрған жасөспірімнің анасы Аэлита Илалова бапкерді кешіргенін айтып, не себепті полицияға арыз жазбағанын түсіндірді, деп хабарлайды lada.kz.

«Полицияға арыз жазудан бас тарттым. Себебі, баламның сот отырысына барғанын қаламаймын. Екіншіден, біз жаттықтырушыны кешіреміз деп шештік. Өзі және анасы бізден кешірім сұрады. Оның да балалары бар, тағдырын бұзғымыз келмейді. Оған қоса, жаттықтырушыны жұмыстан шығарып жіберді», &ndash деді ол.
Қыздың анасы Жаңаөзенде жақсы жаттықтырушылар аз екенін айтты.

«Біреулер кешірім бергеніміз үшін бізге ақша төледі деуі мүмкін. Бірақ ашығын айтайын, бізге ешкім ештеңе төлеген жоқ. Жаңаөзенде спорт залдарына қатысты өзекті мәселе бар, жақсы жаттықтырушылар да өте аз. Азамат (жаттықтырушы &ndash ред.) үнемі жарыс өткізетін алаң іздейтін, оның және командасындағы қыздардың арманы болды. Өкінішке қарай, осы оқиғадан кейін бұл арманы аяқсыз қалды», &ndash дейді қыздың анасы.
Еске сала кетейік, Айта кетейік, 20 желтоқсанда әлеуметтік желілерде волейбол жаттықтырушысы шәкіртінің бетінен ұрып, басынан нұқыған сәт түсірілген видео тарады. Кейінірек жаттықтырушы бұл әрекетіне түсініктеме беріп, шәкіртінің көшбасшы екенін және командасын жігерлендіру үшін осындай «қадамға» барғанын айтқан. Осы оқиғадан кейін волейбол командасының жаттықтырушысы Азамат Тұрмағамбетов шәкіртінің бетінен ұрғаны үшін жұмысынан босатылды.

azattyq-ruhy.kz




Көрілген: 261    Пікірлер: 0

сенбі, 26.12.2020, 01:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31