Оқиға

Шамалғандағы апат: министр пойыздың неге тоқтамағанын түсіндірді (видео)

  • © Sputnik / Тимур Батыршин

    © Sputnik / Тимур Батыршин

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр теміржол өткелінде болған апаттың мән-жайын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Пойыз 2 434 метрге жақындағанда теміржол өткелінде автоматты түрде дабыл қосылды. Дыбыс сигналы берілді. Сол жердегі бағдаршамның қызыл түсі жанды. Алайда шлагбауым толығымен түскен жоқ. Себебі өткелде көліктер тұрған. Осы кезде автобус өткелдің үстіне келіп, кептелістің салдарынан тұрып қалды", - деді Скляр астанада өткен баспасөз мәслихатында.


Министрдің айтуынша, пойыздың жылдамдығы сағатына 97 шақырым болған. Өткелге 500 метр қалғанда машинист автобустың тұрғанын көріп, шұғыл тежегішті басқан. Алайда жол-көлік апатының алдын алуға мүмкіндік болмады. Себебі норматив бойынша пойыз тек 712 метр қалғанда тоқтай алады. Автобуспен соқытығысқанда пойыздың жылдамдығы сағатына 55 шақырым болған.



"Пойыздың ішінде зардап шеккендер жоқ. Ал автобустың жүргізушісі қайтыс болды. Көліктің ішінде болған үш адам жарақат алды. "Setra" маркалы автобус 1990 жылы шығарылған болатын. Техникалық қараудан өту мерзімі 16 шілдеде аяқталған. Одан кейін техникалық қараудан өткен жоқ. Тасымалдаушы – Қаскелеңнің автобус паркі", - деп атап көрсетті Скляр.


Шамалғандағы трагедия


Кеше, 15 қыркүйек күні кешкі сағат 19.08-де Алматы-Шамалған теміржол өткелінде "Алматы-Қостанай" бағытындағы жолаушылар пойызы мен Қаскелеңге бара жатқан рейстік автобус соқтығысты.


Соңғы мәлімет бойынша, бір адам – автобус жүргізушісі қаза болды, тағы үшеуі жан сақтау бөлімінде жатыр – ол 33 жастағы әйел мен екі баласы (үш және бес жасар). Дәрігерлер олардың жағдайы ауыр екенін айтты.


Апаттың себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.





Көрілген: 907    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.09.2019, 15:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31