Оқиға

Шамалғандағы апат: Сот үкім шығарды

  • © Photo : ҚТЖ баспасөз қызметі

    © Photo : ҚТЖ баспасөз қызметі

Бүгін Алматы облысында Шамалған бекетінде пойыз бен автобустың соқтығысуына қатысты қылмыстық іс бойынша кінәлілерге үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Оқиға Шамалған станциясында 2019 жылы 15 қыркүйекте болды. Автобус жүргізушісі сол жерде мерт болып, тағы 3 адам Қарасай аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне түсті.

 

Аталған бекетте кезекші болып жұмыс істейтін Д.Д. Ахмеджановқа қатысты қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 344-бабы 2 бөлігінде көзделген (жол қозғалысы қауіпсіздігі немесе теміржол көлігін пайдалану ережелерін бұзу салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғу) әрекетпен сараланып, Алматы облысы Қарасай аудандық сотының өндірісіне түскен.

 

«Сот жазаны тағайындау кезінде станция кезекшісі Ахмеджановтың өз кінәсін мойындап, шын өкінуін, оның жасын, отбасылық жағдайын ескере отырып, оны 3 жыл 6 айға шартты түрде соттады», - деп хабарлады Қарасай аудандық сотынан.

 

Сонымен қатар, сот жәбірленушілер Э.А.Жәнібекованың, Б.М.Әубәкірдің және Л.А.Жарылғасованың «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамынан және «Қаскелең автобус паркі» ЖШС-дан моральдық залалды өтеу туралы азаматтық талап арыздарын қарады.

 

Э.А.Жәнібекованың пайдасына «Қазақстан темір жолы» компаниясынан - 5 млн теңге, «Қаскелең автобус паркінен» 5 млн теңге өндірілді.

 

Б.М.Әубәкірдің пайдасына «Қазақстан темір жолы» компаниясынан - 15 млн теңге, «Қаскелең автобус паркінен» 15 млн теңге өндірілді.

 

Л.А.Жарылғасованың пайдасына «Қазақстан темір жолы» компаниясынан 15 млн теңге өндірілді.

 

Сонымен бірге, жәбірленуші Л.А.Жарылғасованың материалдық шығынды өндіру туралы талап арызы қанағаттандырылып, оның пайдасына станция кезекшісі Д.Д.Ахмеджановтан 600 мың теңге өндіріліп алынды.

 

ҚазАқпарат

 




Көрілген: 328    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.04.2020, 18:53

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31