Оқиға

Шаңды дауыл шымкенттіктерді әбігерге түсірді (видео)

  • © CC0 / pixabay.com

    © CC0 / pixabay.com

Өзбекстанда көтерілген шаңды дауыл Шымкентке дейін жетті. Sputnik Қазақстан тілшісі қаладағы жағдайды видеоға түсіріп алды.

 

 

Қаланы қалың шаң басқаны анық көрініп тұр. Шымкент денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, медициналық көмекке жүгінген адамдар жоқ.

 

"Екі күн бойы қатты жел тұрды. Артынан шаң көтерілді. Далаға шықсам, әлі басылмапты. Таңертең жұмысқа келіп, көлікті сыртта қалдырғанбыз. Түсте шықсақ, үсті шаң", - дейді қала тұрғындары.

 

 

Ал көрші Өзбекстанда денсаулық сақтау министрлігі аллергиясы немесе демікпесі бар адамдарға далаға шықпауға кеңес берді, деп хабарлады Sputnik Өзбекстан.

 

Бір күн бұрын елдің бірнеше аймағында шаңды дауыл көтерілді. Синоптиктердің болжамы бойынша жұма күні де Ташкентте шаң басылмайды.

 

Министрлік өкілдері ондай ауаның құрамында өсімдіктер тозаңы мен зең спораларының болатынын ескертті. Сондықтан далаға шыққан адамдар медициналық бетперде киіп, оны әрбір екі сағат сайын ауыстырып тұруға тиіс.

 

 

 




Көрілген: 733    Пікірлер: 0

жұма, 05.11.2021, 17:15

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31