Оқиға

Шардарада 16 жастағы қыздың жоғалуына құрбысының қатысы бар болып шықты

  • https://polisia.kz/

    https://polisia.kz/

Түркістан облысының полицейлері жоғалған 16 жастағы қызды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Шардара АПБ-ға кешкі уақытта жергілікті тұрғынның бірі “102” сымтетігі арқылы хабарласқан. Ол әйелдің айтуынша, 16 жастағы қызы үйінен белгісіз бағытқа шығып із-түзсіз жоғалып кеткен.

 

Шардара АПБ қызметкерлері хабарлама түсе салысымен тез арада әрекет етіп, оқиға орнына жетті. Мектеп оқушысын табу мақсатында қажетті деп танылған барлық жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Аудан көшелерін тексеріп, көрген-білген тұрғындардан сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде екі күннің ішінде тәртіп сақшылары жас қызды 100 шақырым жердегі Қызылқұм ауылынан тауып алды.

 

Осылайша, жоғалған 16 жастағы қыз полиция қызметкерлерінің арқасында аман-сау ата-анасына табысталды.

 

Белгілі болғандай қызды құрбысы үйіне қонаққа шақырған. Алайда, қыз ата-анасынан сұранғанымен жібермейтінін біліп, ескертпестен шығып кеткен. Өз кезегінде ата-анасы қыздарын іздеп, нәтиже болмаған соң, полиция қызметкерлеріне хабарласқан.

 

 

Полицейлердің жедел жұмыстарының арқасында немересімен қауышқан атасы полицейлерге өз алғысын білдірді:

 

– Жоғалған немеремді тауып берген полиция қызметкерлеріне рақметімді айтамын. Жұмыстарыңыз алға баса берсін!, – деді.

 

Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері азаматтарға балаларыңызға абай болыңыздар, сыртқа шыққанда қараусыз қалдырмаңыздар деп ескертеді.

 

 

 




Көрілген: 2113    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.05.2021, 17:32

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30