Оқиға

Шарын шатқалына экскурсия ұйымдастырған ата-аналар мәлімдеме жасады

  • Фото: NUR.KZ

    Фото: NUR.KZ

Алматыдағы №199 мамандандырылған мектеп-гимназияның 5 сынып оқушыларының ата-аналары мәлімдеме жасады. Айтуынша, Шарын шатқалына бару ата-аналар комитетінің бастамасы болған. Енді олар осы жағдайдан мектеп әкімшілігі зардап шеге ме деп алаңдаулы. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

 

5-сынып оқушыларының ата-аналары № 199 мамандандырылған мектеп-гимназияның ғимаратында журналистерге сұхбат берді.

 

"Менің қызым бұл экскурсияға бармады, бірақ мұны қатты қалады. Менің жұмысым көп болғандықтан, біз бара алмадық. Бірақ мен қазір біздің сыныптың ата-аналар комитетінің позициясын білдіргім келеді. Бұл жайт үшін мектеп жауап бермеу керек. Мұның бәрі біздің бастамамыз. Соның ішінде мұғалімдерді де өзіміз шақырдық. Үш педагогте өз ақшаларымен барды", - дейді оқушының анасы Гүлнәр Еділбаева.

 

Ата-аналардың сөзінше, экскурсия тым қымбатқа түсетіндіктен туристік фирмалардың қызметіне жүгінбеген. Олар балаларды Шарын шатқалына дейін апарып-әкелуі тиіс автобус жалдаған.

 

Топпен бірге гид ретінде барған әйел отбасылардың бірінің танысы болған. Ол сол жерде бірнеше рет болғандықтан, экскурсия жасай алатын адам ретінде ұсынылған. Бұл экскурсияда әрбір адам үшін 5 мың теңгеден төлеу керек болған.

 

"Бұл әйел біздің балаларымызды құтқару үшін көп нәрсе жасады. Оларды сол жерден шығарып, автобусқа апарды. Соңында есінен танып қалды. Ол жанында болғандарға көмек көрсету үшін бәрін істеді", - дейді Гүлнәр Еділбаева.

 

Сонымен бірге, ата-аналар балалардың көбісі шатқалға ата-анасынсыз барды деген фактіге қатысты да пікір білдірді.

 

Айтуынша, олар мұғалімдерге кәміл сенетіндіктен, сенімхат жазбай-ақ балаларын жіберген.

 

Фото: NUR.KZ

 

"Өйткені біз мектебіміздің педагогтеріне шүбәсіз сенетіндіктен осылай жасадық. Осы жылдар бойы олар біздің балаларымызға өз баласындай қарайтынын дәлелдеді. Балалар Шарын шатқалына қалай баруға болатыны туралы нұсқаулықты мектептен алды. Сол себепті біз мұның біздің мектебімізге қандай да бір әсері тие ме деп алаңдаймыз", - дейді Гүлнәр Еділбаева.

 

Ата-аналар бұл жағдайдың Шарын шатқалына барғысы келетін басқа отбасыларға сабақ болғанын қалайды. Олар өзге ата-аналарды қауіпсіздік мәселесіне жіті көңіл бөлуге шақырады. Өйткені ата-аналардың ешбірі оқиғаның осылай аяқталатынын күтпеген.

 

Еске сала кетсек, 29 мамырда Алматы облысының Шарын шатқалында сел жүріп, 2 адам көз жұмып, тағы 6 адам зардап шегіп, бір оқушы жоғалып кеткен еді.

 

Кейін еліміздің білім және ғылым министрлігі аталған оқиға салдарынан 1 оқушы мен 1 мұғалімнің қаза тапқанын мәлім етті.

 

Сондай-ақ, сел кезінде жоғалып кеткен оқушы қыздың табылғаны хабарланды.

 

Айта кетейік, бұл жайттан соң екі қылмыстық іс қозғалды.

 

 

 




Көрілген: 2024    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.06.2021, 19:11

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31