Оқиға

Шәйнек ұстаған атыраулық жол жөндеушілер желідегі жұртты күлдірді

  • Шәйнек ұстаған атыраулық жол жөндеушілер желідегі жұртты күлдірді

    Шәйнек ұстаған атыраулық жол жөндеушілер желідегі жұртты күлдірді

"Жөндеуді осылай жасайды", деп мысқылдайды бейнежазба авторы

Әлеуметтік желіде атыраулық жол жөндеушілердің жұмыс барысы туралы видео жұрттың көңілін көтерді, деп жазды Ақ жайық.   

Балықшыдағы көпірде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылар жолдың жарылған жерлеріне шәйнекпен бір сұйықтық құйып жатыр.

 Бұл жөндеуді көптен күткен көпір. Бірақ қазіргі бейнежазбадан кейін көпшілік жасалып жатқан жұмыстың сапасына қатысты "күмән келтіре" бастады.

"Жөндеуді осылай жасайды. Супер!",  – деп мысқылдайды бейнежазба авторы.

Ал әлеуметтік желідегі кейбір пікірлердің арасында "бұл шәйнек қанша миллион тұрады" және "оның бағасы жөндеу жұмыстарының құнына қосылған ба" деген сұрақ кездеседі.

"Мой город" басылымының хабарлауынша, "АИС-Атырауинжстрой" ЖШС мердігерлік компаниясы видеодағы жұмысқа түсініктеме берген.

"Жолдың жарылған жерлері үлкен емес, сондықтан оны толтыру үшін арнайы құрылғы қажет болмады. Жарықтар 120-140 градусқа дейін қыздырылған битумдық мастикамен толтырылды. Жарықтарды құрылғысыз, қолмен толтырғанда ауызы жіңішке шәйнек, су құйғыш сияқты ыдыстарды пайдалануға болады", - деп түсіндірді мердігер компания. 

sputnik.kz




Көрілген: 881    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.09.2021, 10:18

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31