Шетелдікке тұрмысқа шыққан қазақстандық келіншек балаларын қайтара алмай жүр

31 наурыз 2018, 21:21

Қазақстан азаматшасы Альфия Фатихова Кипр тұрғынымен отау құрып, бір қыз бен бір ұл баланы дүниеге әкелген. Алайда әйел жарымен айырылысқан соң, азамат оған балаларын бермей қойған деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Альфияның айтуынша, Никоспен шаңырақ көтерген соң, ол адам танымастай өзгеріп кеткен: ішімдікке құмарланып, қол көтере бастаған.

Альфия балаларын алып кетпек болғанда, күйеуінің зорлық көрсеткенін айтады. Қазір ол үшінші баласына жүкітіліктің алтыншы айында екен. Әйел полицияға шағымданғанымен, олар ешқандай шара қолданбапты.

30 наурыз күні сот шешімімен балалар әкесінің қолында қалған.

Қазақстан Республикасы СІМ баспасөз бөлімінің басшысы Әнуар Жайнақовтың айтуынша, Альфияның балалары Кипр азаматтары болғандықтан, барлығы жергілікті соттың шешімімен болуы керек.

Енді әйелдің бір ғана амалы бар: шағымын кері қайтарып, балалары үшін қатыгез күйеуіне қайта оралу.