ШҚО-да 12 үйдің балконы өртенді

25 желтоқсан 2021, 17:35

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, жыл басынан бері 12 үйдің балконы өртенген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

Өткен жылы балконда 33 өрт болған.

 

– Пәтер иелері балконға велосипед, жиһаз, киім-кешек және тағы басқа заттарын шығарып қояды. Бұл заттар сырттан қандай да бір ұшқын тисе немесе шоқ түссе, тез жанып кетеді. Осы жағын ескерген жөн, – дейді құтқарушылар.

 

ТЖД мамандары мереке қарсаңында балкондарды безендірмеуге кеңес берді.