Оқиға

ШҚО-да 18 жастағы жігіт жоғалып кетті (фото)

  • Фото: instagram.com/volontery_semey_lider.kz

    Фото: instagram.com/volontery_semey_lider.kz

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны Данил Гавриленкодан бір аптадан бері хабар жоқ. 18 жастағы жігітпен туыстары әлі байланыса алмай отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Данил 15 сәуір күні үйінен шығып кеткен. Осыдан кейін онымен байланыс үзілген.

 

YK-news.kz-тің мәліметінше, жас жігіттің үйі Бұқтырма су қоймасының жағасында.

Хабарсыз кеткеннен кейін, келесі күні құтқарушылар Данилды іздестіре бастайды. Мамандар итпен бірге жергілікті жерді, тастанды шахтаны аралап шыққанымен әзірге ешқандай жоқ.

 

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде атап өткендей, олар екі күн бойы аумақты тікұшақтың көмегімен жоғарыдан қарап шыққан. 20 сәуірден бастап жасақ екі топқа бөлінген. Жас жігітті іздестіру жұмыстары құрлықта да, суда да жүргізілуде және әлі күнге дейін жалғасуда.

 

Еріктілердің мәліметінше, жоғалған күні Данилдың үстінде көк күртеше, сұр жемпір және сұр бас киім болған.

 

Данил Гавриленко жайлы қандай да бір ақпарат білетіндер болса, 102 сондай-ақ 87473495717, 87751850898 телефондарына хабарласуға болады.

 




Көрілген: 409    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.04.2020, 14:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31