Оқиға

ШҚО-да 2 жасар бала арыққа батып кетті

  • https://www.caravan.kz/

    https://www.caravan.kz/

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында 2 жасар бала арыққа батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат   тілшісі.

 

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, биылғы жазда ересектердің қарауынсыз қалған балалар мен жасөспірімдер жазатайым оқиғаларға жиі ұшыраған. Жыл басынан бері өрттен 10 бала құтқарылып, 7 бала терезеден құлады. Шомылу маусымы кезінде 9 бала суға батқан.

 

«Кеше Зайсан қаласында ересектердің қарауынсыз қалған 2 жасар бала арыққа батып кетті», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

 

Балалардың жарақаттануына және көз жұмуына әкеліп соғатын қайғылы оқиғалар көбінесе – күйіп қалу, биіктен құлау, суға бату, улану.

 

Талдау нәтижелері көрсеткендей, жазатайым оқиғалардың негізгі себептері – ата-ананың балаларды дұрыс қадағаламауы, күнделікті өмірде, көшеде, ойын ойнап жүрген кезде және спортпен шұғылданғанда балалардың сақтықты ұмытып кетуі.

 

«Құрметті ата-аналар! Кез келген жағдайда қауіпсіздік ережелерін ұмытпау баланың өмірі мен денсаулығының кепілі екендігін ұмытпаңыздар. Күнделікті өмірде қауіпсіздікті сақтауды үйретуде ата-аналарға үлкен міндет жүктелген», - дейді құтқарушылар ата-аналарға.


 

 




Көрілген: 287    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.09.2020, 14:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31